Бішкек сотының шешімінен кейін «Азаттық» радиосы Қырғызстан аумағында жұмысын жалғастыратын болды

Тараптар келісімге келген


12/07/2023
15:44 16972 0

Фото: Ашық дереккөзден

12 шілдеде Бішкек соты Азаттықтың Қырғыз қызметінің жұмысын тоқтату туралы Ленин аудандық сот шешімінің күшін жойып, істі тоқтатты. Оған Азаттықтың Қырғыз қызметі – «Азаттық Медиа» мен Қырғызстан мәдениет министрлігінің мәмілеге келуі себеп болған. Бұл жөнінде «Азаттық» радиосы хабарлады. 

Азат Еуропа/Азатық радиосы (RFE/RL) медиакорпорациясы веб-сайтындағы контентті сақтау хаттамасындағы өзгерістер бойынша контент шексіз сақталмайды, осыған байланысты екі жақтың соттасуына түрткі болған видео мұнан әрі RFE/RL веб-сайтында жоқ.

Екі тарап мәмілесін бекіткен сот шешімін ескере отырып, Қырғызстан мәдениет министрлігі Қырғыз республикасының цифрлы даму министрлігіне Қырғыз «Азаттығының» сайтын бұғаттан шығару жөнінде хат жолдайтын болады.

Биыл 27 сәуірде Бішкек қаласының Ленин аудандық соты бұқаралық ақпарат құралы ретінде Қырғыз «Азаттығының» жұмысын тоқтату туралы Қырғызстан мәдениет министрлігінің талап арызын қанағаттандырған. Осыған байланысты бірқатар халықаралық ұйымдар мен Қырғызстан медиұйымдары алаңдаушылық білдірген.

2022 жылы 26 қазанда Қырғызстан мәдениет министрлігі Қылмыстық кодекстің «жалған ақпарат тарату» туралы бабына сүйеніп, «Настоящее Время. Азия» бағдарламасының қырғыз-тәжік шекарасынағы жанжал туралы шығарылымы үшін «Азаттық Медиа» сайтын бұғаттау туралы шешім қабылдаған. Ведомство ол материалды алып тастауды талап етіп, сайтты бұғаттайтынын айтқан.

Қырғыз «Азаттығы» бұл шешімге байланысты сотқа шағымданған. Наурыз айында Бішкек қаласының әкімшілік соты Азаттық талап-арызын қанағаттандырудан бас тартқан. Мамыр айында Бішкек қалалық соты шешімді күшінде қалдырған.

 

Поделиться

Нет комментариев.

12/07/2023 15:44
16972 0

Уведомление